Текст
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиет апталығының онкүндігіне орай ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында оқушылар арасында ұлттық қол өнерін жасаудан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушыларымыз өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын ұсынды. Көрмеде қолдан жасалған домбыра, сандық, бойтұмар, қазақша қуыршақ, қалта, киіз үй, жайлау, қалта қойылды. Оқушыларымыз өте белсенді қатысты.