«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика пәнінің мұғалімі Кравченко Ольга Владимировна пікірлер

01.11.2017

Кравченко Ольга Владимировна Целиноград педагогикалық институтының физика-математикалық факультетін 1987 жылы аяқтап, математика және физика мұғалімі мамандығын алған. Бұл мамандықты өмір бойы абыроймен атқарып келеді. Дәл осындай ұстаздарды Ұлы ұстаз деп атайды. Ольга Владимировна білікті, шығармашылықпен жұмыс жасаушы, пәнді оқыту әдістемесі мен пән мазмұнын жете меңгерген, оқушыларына жоғары талап қоятын, оның дамукына түсіністікпен қарайтын, бала  тұлғасының психологиясын  жақсы меңгерген мұғалім.

Ольга Владимировнаның көп жылғы тәжірибесі заманауи психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларды жеңіл игере отырып, өзіндік ұстаздық ізін сақтауға ықпал етеді.

Әр оқушыны сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да назарда ұстау; жоғары дәрежедегі әдістемелер мен білімді, психологиялық диагностикалау тәсілдерін білу, оқушыларының білім деңгейлері тұрақты түрде жоғары болуы - Ольга Владимировнаның педагогикалық стиліндегі ерекшелік. Ольга Владимировна өзіндік білім алумен тұрақты айналысады: арнайы және әдістемелік әдебиеттерді зерделейді, әдістемелік бірлестіктерде баяндама жасайды, заманауи сабақтың проблемалары бойынша мектеп және аудандық педагогикалық оқуларына қатысады.

Ольга Владимировнаның шеберлігі сан алуан және түрлі бағытта: түрле деңгейлерде сабақ мақсатын қою, оқушының сабақтағы қызметін бақылау, мектеп оқушыларының қиындығын уақытында анықтау .

Ольга Владимировна жеке оқыту тәсілдерін  толығымен меңгерген, оқушылардың танымдық қызметтерін белсендіреді, саабқта шығармашылық орта құра біледі. Мұғалімнің қызметі "мықты" және "нашар"  оқушыларға  бағытталған. Көптеген мектеп оқушылары математика сабағын өздерінің сүйікті пәні деп біледі.

Ольга Владимировнаның оқушылары мектептік, аудандық пән олимпиадаларына, аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде, бітіру сыныптарының оқушылары ҰБТ тапсыру кезінде математика пәнін таңдайды. 

Кравченко Ольга Владимировна өзінің педагогикалық қызметі үдерісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, мықты білім беруге қол жеткізді.  

Ольга Владимировна жай әріптес қана емес, ол ең алдымен мейірімді кеңесші, қай кезде болмасын көмекке дайын тұратын елгезек адам.

Ольга Владимировнаның  адамгершілігі оның  кәсіби қасиеттерімен  ұтымды үйлескен,  ұжым ішінде сый-құрметке ие болып жүрген абзал адам. 

Ольга Владимировна – өз ісінің кәсіби шебері, еңбексүйгіш, шығармашылықпен жұмыс жасаушы мұғалім, сүйікті ана,  тамаша ақылшы, кеңесші, өз оқушыларының  нағыз шынайы досы, ең жақсы сынып жетекішісі. Оның мінезіндегі ең басты қасиет - жұмыс қабілеттілігі, талапшылдығы, орындаушылық тәртібінің жоғарылығы. Сондықтан да бұл кісі мектептің үздік мұғалімдері қатарында.

 

Просмотров: 787


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст