Текст
27.10.2017 жылы Атбасар ауданының білім бөлімімен Атбасар қ. мамандандырылған №4 өрт бөлімінде дәстүрлі "Қорғаншылар күні" өткізілді. Қала мектептерінің оқушылары мен өрт бөлімінің қызметкерлері тамаша мерекелік концерт ұйымдастырды. Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна жиналғандарға жылы шырай, ізгі алғысын білдірді. Ата-аналарға «Нұр Отан» партиясы Атбасар аудандық филиалы бірінші төрағасының орынбасары Муканов К.Д. атынан Алғыс хаттар табысталды. Шара соңында қатысушы әр балаға тәтті сыйлықтан берілді.