Күз-жылдың тамаша мезгілі. Даланың бәрі алуан түрлі түске боялып, табиғат өз көркімен тамсандырады. Жердің бетін сарғайған жапырақтар жауаып, адам қиялына шабыт беретін, нағыз дархан, ғажайып та ерекше уақыт. Осындай керемет шақта мектеп оқушылары үшін маңызды мерекелер көп болады. 19 қазан күні «Күзгі блюз» атты мерекелік-сауықтық шарасы өтті. Бұл шара конкурс түрінен құралды. Қатысушылар 5-7 сыныптардың оқушылары аталмыш кешке асқан жауапкершілікпен дайындалғаны байқалды. Балалардың өнері мен шеберлігін, қиялы мен талантын бағалау үшін қазылар алқасы құрылды, оның құрамында: ОІМ Бекова Л.Г., АӘД жетекшісі Бывшев Н.В, әлеуметтік педагог Каспарова Е.А. болды. Ең алғашқы конкурс түрінде қатысушылар ерекше бір түрде өз командаларын таныстыру керек болды. Бұл арада әр команда ерекшелінуге тырысты, өздерінің қойылымдарын презентациялармен қоштады, 5 «В», 6 «А», 7 «А» сынып оқушылары алға шықты. Келесі «Осенний подарок» атты конкурста ерекше бір күзгі сыйлық жасау керек болды. Бұнда әр команда шеберлік пен ой өрісін, қиялын, өздерінің жұмыстарынан байқатты. 5 «А», 5 «В» сынып оқушыларының жұмыстары тамсандырды. Үшінші конкурс, орта буын оқушылары дайындаған көркемөнерпаздар конкурсы болды. Балалар өнерімен көзге түсіп, ән айту, хореография, пластика, икемділік және би жанрларын тамаша игергенін байқатты. 5 «А» сынып оқушылары орындаған флешмоб, 5 «В», 7 «А» сынып оқушыларының өнері қызу қошаметке ие болды. Брейк-данс билеген 5 «В» сынып оқушысы Оразхалиев Д. жиналғандарды өнерімен тәнті етті. «Осенняя улыбка» конкурсында «Мисс осень» титулына үміті бар қыздар сайысты. Күзгі тақырыпта киім дайындаған әр қатысушы өз киімінің авторлық идеясымен жұртты таңдандыра білді: 5 «В», 6 «А», 7 «А» сынып оқушыларының киімдері ерекше болып, креативті, жаңашыл, күзгі тақырыпты аша білген атап айту керек. Күзгі мерекенің соңында «Презентация овоща» конкурсы өткізілді. Бұл жерде балалар өздерінің аспаздық шеберліктерін көрсетіп, тағамдарды безендіру дизайнымен таңдандырды: 5 «В», 6 «Б», 6 «В», 7 «А» сыныптар.
Конкурс соңында қорытынды сөз алған мектеп ОІМ Бекова Л.Г. оқушыларды құттықтап, шараға жақсы дайындықпен келгендігін атап өтт. Конкурс нәтижесінде: I орын - 6 «А», II орын - 5 «В», III орын - 7 «А» сын оқушылары иеленді. 6 «А» сынып оқушысы Писклова Дарья «Мисс осень-2017» конкурсында жеңімпаз атанды. Оған күзгі ханшайым тәжі салтанатты тапрысылды. Қоңыр күздің тартымды мерекесі оқушылар есінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз.