Күздік керемет бояуы мен ерекше сұлулығы адам жанын шаттандырумен қатар, шығармашылықты оятады. Толып жатқан алуан түрлі сый-сыяпат пен көптеген материалдарға толы, жылдың ең керемет, ең жарқын, ең дархан да алуан түсті, көркем мерзімі - алтын күз келді. Күз дархан, көркем, алуан түсті бояуға, сырлы әуенге толы мезгіл. Күздің жауыны да, тамылжыған ауасы да керемет! Осындай тамаша жыл мезгілінен шабыттанған мектепке дейінгі сыныптардың оқушылары арасында «Күзгі кереметтер» көрмесі атты балалардың қиялынан туындап, өз қолдарымен жасаған бұйымдардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Сәбилердің жұмыстары тартымды, әдемі әрі бірегей болып көзді қуантты. Олар өздерінің қолынан шыққан бұйымдарды бүршіктерден, жапырақтардан, ағаштың бұтақтарынан, жеміс-жидектерден тағы да басқа көптеген табиғи материалдардан жасады. Көрмеге ұсынылған бұйымдарды мектеп оқушылары, ата-аналар, келуші қонақтар тамсана тамашалады. Оқушылар: «Красавица Осень» Миненко Полина 0 «А» сын., «Чебурашка» Ловской Богдан 0 «А» сын., «Ёжик» Фролов Дима 0 «А» сын., «Домик в лесу» Пролубников Макар 0 «А» сын., «Волшебница Осень» Бадло Анна 0 «А» сын., «У ёжика в гостях» Горбунова Марина 0 «А» сын. жұмыстары ерекше көзге түсті, сонымен қатар, Ефемов Ярослав, Конопацкая Элина, Анель мен Адель Омербаевалар, Исмагамбетова Гульмира, Рябинин Роман, Потапенко Матвей, Панченко София, Соседов Валерий, Даненов Камиль, София мен Таисия Таракановалардың да жұмыстары жақсы болды.