Астана қ. жеке меншік қорының бастамасымен 2017 жылдың 24 тамызы күні Атбасар қ. №3ОМде «Твори добро» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға «Ақниет» жеке меншік қоры қорғаншылық кеңесінің атқарушы директоры- Шаяхметова Баян Мусахметовна, «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы -Наймушина Наталья Георгиевна, аудан мектептерінің директорлары, ата-аналар мен оқушылары қатысты. Қорды 2013 жылы Астана қ. №3ОМ түлегі Бағила Бейсембаева ашқан. Бұл айналасындағы адамдардың проблемасына бей-жай қарай алмайтын ақжарқын, елгезек жан. Қор қызметінің басымдық бағыты аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және басқа да әлеуметтік әлжуаз тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету болып табылады. Олардың қайырымдылық әрекеті арқасында көптеген балалардың өмірі құтқарылды, талай сырқат балаға өмірге құлшыныс пен келешекке сенім сыйлады.қордың келуіндегі басты мақсаты көктемгі су тасқыны кезінде зарждап шеккен балаларға мектеп портфельдері мен кеңсе тауарларын сыйлау болды. Барлық ата-аналар, педагогикалық ұжым мен оқушылар атынан директор Бейсембаева Бағила Мүбаракқызына, осы қордың барлық қызметкерлеріне шын жүректен шынайы алғысымызды білдіреміз!