«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

04.09.2017

Қыркүйектің жылы лебізді таңы Атбасар қ. №1 ОМ оқушыларына есіктерін ашты. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін мектеп барлық оқушыларды қуана қабылдады. Мерекелік шараны жүргізушілері Кабильдинова Е., Абаев Д. ашты. Құттықтау сөздерін Атбасар қ. әкімі Комбатуров Н.Т., соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Комиссаров И.И., білім бөлімінің әдіскері Завьялова Е.В. сыйлады. №1 ОМ директоры Чуркина Т.А. барлық педагогтар, ата-аналар, оқушыларға жылы сөздері мен тілектерін білдірді. Ол барлықтарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекова Л.Г. 2017-2018 оқу жылының басталуы туралы бұйрықты оқыды. Ата-аналар қауымының атынан құттықтау сөздерін қауымның белсенді мүшесі Л.В.Кабельдинова сыйлады. Мектеп оқушыларының орындалуында музыкалық номер шырқалды. Әрі қарай барлық назар осы күннің басты кейіпкерлері мен қонақтары – бірінші сынып оқушыларына аударылды!

Салтанатты сәт келіп жетті: лентаны кесу. Бұл рәсім Атбасар қ. әкімі Н.Т.Комбатуров пен соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы И.И.Комиссаровқа берілді. Бірінші сынып оқушыларын алғашқы сабағына қоштау

құқығы 11-і сынып оқушыларына берілді. Әрі қарай барлық мектеп «Я- патриот своей страны!» алғашқы сабағына барды. Сынып сағатының мақсаты азаматтылық, қазақстандық патриоттық, өз Отанының тағдыры үшін жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Балаларды сыныптарда мерекелік безендірілген тақталар, танымдық ойындар, конкурстық викториналар, топтық жұмыстар күтті. Сонымен қатар, балаларға «Взгляд в будущее» фильмінің үзіндісі ұсынылды.

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст