«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Болашақтың қаласына» естен кетпес саяхат!

27.07.2017

«Болашақтың қаласына» естен кетпес саяхат!

Шілде айының жайма-шуақ күні  мұғалімдерінің  қоштауымен Астана қ. «Болашақтың қуаты»  атты  Халықаралық EXPO-2017көрмесіне барған Атбасар қаласы №1 орта мектебінің оқушылар үшін естен кетпес оқиға болды. Балалардың бәрі еліміздің соңғы кездегі айтулы орны  EXPO-2017 кешеніне баратын уақытты асыға күткен болатын. Аман –есен қалаға жеткен және бақылаудан өткен біздің  делегация қайталанбас ғимараттары мен жарқылдаған Сфера алып  шары, архитектуралық құрылғылары, керемет-қайталанбас арт-нысандары, павильондары, балалар алаңқайы, көз тартар гүлзарлары мен келушілер мен балаларға  арналған жайлы орындары   бар  қиял-ғажайып орынға тап болды. «Болашақтың қаласына» келдік. Ең керемет әсер көрменің  архитектуралық ойының жаухары «Сфера» алдында болды, Қазақстан ұлттық павильоны  5000 кв.м. жерге орналасқан, екі маумаққа бөлнген. Бірінші аумақта балалар Қазақстанның ландшафтымен, мәдениетімен, тарихымен, қазірі және келешегімен танысты.  Сфера келушілер алдында қуат көзінің жаңарушы: ғарыш, күн көзі, жел, толқын, геотермал көздерінің  сипаттарын ашады. «Мир Энергии», «Энергия для будущего», «Энергия для всех» павильондары аса қызықты болды. Біз шаршағанымызға қарамай, балалармен көрменің біраз ғана бөлігін аралап шықтық. Оның ішінде Швейцарии, Ресей, Индия, Корея, Испания, Түркия, Австрия, Тайланд, Греция, Латын  Америкасы, қайталанбас Африка павильондарын араладық. Балалармен  павильондарды аралау кезінде ондағы таңғажайыптардан болған таңданысымызды, эмоциямыз бен қуанышқа қолы шаттығымызды жасыру қиынға соқты.  Көптеген гаджеттер, Led-жарық беруді  демонстрациялау,  көз алдындағы және  дыбыстық әсерлер  технологиялық келешектен көптеген мағлұматтар ұсынды. Толығымен  Арктикаға арналған және  нағыз суық мұздақ  айсбергке арналған Ресей  павильоны ерекше таңдандырды.  Қуат пен күшті, қуат көзін өндіру нышаны іспетті  Таиланд  Корольдігінің «Пха-Ланг» (кукуруза) тұмаршасы да аса қызықтырды. Балалар қуанышты сезіммен фотосессия жасап,  көрме  нышандары бойлы қуыршақтармен қимай қоштасты. Индия, Африкя, Корея павильондарында ұйымдастырылған ұлттық жәрмеңкелер көптеген шынайы эмоцияға бөледі, әр келушіге осы елдердің шеберлерінің  алтын қолымен жасалған  этно  сыйлықтар, кәдесыйлар, тарту етілді. Біз мемлекетіміздің өміріндегі елеулі оқиғаға аййналған көрменің әр бұрышы жайлы естелікті қамтып қалуға тырыстық. Көрме аумағынан шыққан шақта әрқайсымыздың ойымызда осы жерге қайта оралсақ  екен деген тілек болды! Балалар жол бойы алған  әсерлерімен жарыса бөлісті, біреулері балалар

сауық алаңқайы, біреулері  латын - американдықтермен өткізлген  би бойынша   мастер-класс туралы таласа әңгімеледі. Әрине, осы орайда әрқайсымыздың бойымызды біздің мемлекетіміз Қазақстан  Республикасы үшін мақтаныш сезімі биледі. Ұйымдастырылған көрменің  елімізге ұлы жетістік әкелетініне мен сенімдімін.

P.s.  Атбасар ауданы  білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья  Георгиевнаға  көлік ұсынғаны үшін, мектеп автобустарының жүргізушілері: С.Наурызбаев, В.Бурмистров, В.Атаев, В.Круподер, Д.Сулейменовтарға аман-есен жайлы жеткізіп, қауіпсіз сапарға апарғаны үшін  барлық балалардың атынан  алғыс білдіремін.

                                                                     

Т.Чуркина, №1ОМ директоры

Просмотров: 584


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст