Біздің оқушыларымыз үшін жазғы демалыс жақсы жаңалықтан басталды. Ақмола облысының әкімі М. Мұрзалин көктемгі су тасқынынан зардап шеккен біздің мектебіміздің 9 оқушысына Бурабай курорты аумағында орналасқан «Discovery Borovoe» лагеріне тегін жолдамалар берді. Мектебіміздің оқушылары табиғатының сұлулығымен, қайталанбас ландшафтымен ерекшеленетін, еліміздің таңғажайып мекенінде ұмытылмас 10 күнін өткізді.
Бұл нағыз балалар туристік лагері! Бұл шын мәнінде балаларға арналған естен кетпес, танымдық демалыс болды. Біздің балаларымыз Қазақстан табиғатының көркіне тамсанып, лагерь ұйымдастырушыларының мейірімді ықыласына бөленіп, бастамашылдығына тәнті болды. Юля, Настя және Арай есімді елгезек вожатыйлар керемет атмосфера құрып, әрдайым балалармен бірге болды!
Осы керемет ертегідей ортада болған балалар өздеріне сенімді достар тауып, достықтарын нығайтты! Олар өздерінің сүйіктісіне айналған лагерді, ондағы дискотекаларды, шаралапр мен үййірмелерді әлі талай рет естеріне алатын болады. «День обнимашек» күні әсіресе ерекше есте қалды. Бұл күні балалар көптеген жақсы сөздер , комплименттер айтылып, керемет-көңіл күйге бөленді!
Бұл біздің жанымыздағы, жай көзбен көріп білу мүмкін болмайтын: таң шапағы мен самсап тұрған сансыз жұлдыздарға толы түнгі аспан аясындағы алаулар, гитарамен ән шырқау, достыққа, серуендер мен саяхаттарға, түрлі қызықты оқиғаларға толы тылсым ӘЛЕМ!
Мектебіміздің барлық оқушылары атынан осындай таңғажайып «Discovery Borovoe» лагерінде тынығу мүмкіндігін ұсынғаны үшін Ақмола облысының әкімі М.Мурзалинге шексіз алғыс білдіреміз.