2017 жылдың 15, 16 шілдесі күні Атбасар қаласының №1 орта мектебі жалпықалалық сенбілікке қатысты. Оның
барысында Жеңіс, Ремзаводская, Қайсарин көшелеріне жақын орналасқан маңайды санитарлық тазарту, ағаштарды әктеу және кесу, қоршауларды сырлау жұмыстары өткізілді. Мектеп оқушылары сонымен қатар, мектеп маңайындағы сенбілікке қуана қатысып, спорт алаңқайының жанын арам шөптерден арылтты.
№241 Төңіректік ҚоғамдықКеңес те өз жұмысын белсендірді. Мектеп педагогтары Чернова И.Р. мен Жеребкова Л.В. өздеріне бекітілген №241 шағын ауданды аралап, әр үй иесіне өз үйлерінің маңайын тазарту және сыртын ретке келтіру туралы үндеумен үнпарақтарды таратып берді. Тұрғындардың назары көше бойында кез келген жерге қоқыс лақтыруға жол бермеу үшін ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) арналған контейнер орнату мәселесіне ерекше аударылды.
Сенбілік достық атмосферада, жақсы әрире, тамаша көңіл –күймен өткізілді!