Текст
16 маусым, 2017 жылы « №1 орта мектебі» КММ де Атбасар ауданы мектептерінің түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тыңғылықты дайындау мақсатында, биылғы жоғарғы оқу орнына түсу үшін таңдау емтиханның бір формасы болып табылатын соңғы ҰБТ байқау сынағы өтті. ҰБТ байқау сынағын өткізер алдында жиын өткізілді.
Тестілеу алдында Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы сөз алды. Түлектерге сынақ байқауының өтілу ережесін түсіндіріп, хабардар етті. ҰБТ директоры Кадырбекова Г.Х қатысушыларды ҰБТ мен кешенді тестілеудің өтілу ережесімен, жауап парақтарын толтыру технологиясымен таныстырып, тестіленушілерді профильді пәндерге назар аудартты.