Текст
13.05.2017ж. Атбасар қаласы №1 орта мектебінің бесінші сынып оқушылары арасында «Мы против наркотиков» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Бұл шарада Писклова Дарья мен Носенко Дарья «наркомания» сөзінің шығу тарихына тоқталды. Оқушыларға есіртік пайдаланатын адамдар туралы слайдтар көрсетілді. Оқушылар «Мифы» ойынына белсене қатысты: ұсынылған тарихтың болған /болмағанын растады.m Балалар қызықты қойылым көрсетті. Шара соңында өткізілген «марионетка болу өте қиын екен, үнемі біреугетәуелді болып, өз еркіңмен ештеңе жасай алмайсың» деген қорытындыға әкелген «Марионетка» жаттығуы қызықты болды. Оқушылар өздерінің алған әсерлері мен көңіл күйлерін түрлі смайликтермен көрсетті.