5 мамыр күні №1 орта мектебіне ҚР Отан қорғаушысы Күні мен Жеңіс Күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Жиынның жүргізушілері, 6 «Б» сыныбының оқушылары Малышев Кирилл және Мирошник Екатерина ел гүлденуі үшін ең маңызды нәрсе – бейбітшілік пен келісімді білдіретін мерекелердің маңызы туралы айтып берді.
9 «Б» сыныының оқушылары Кононенко Владислава мен Либхерт Ангелинаның «Калинка» биі бақытты балалық шақтың жарқын дәлелі болды. 9 «А» сыныбының оқушысы Литвинова Екатеринаның «Родина» әні патриоттық сезімдерді тудырды. Жас отан қорғаушылар мектебімізде де бар. 9-11 сынып оқушылары АӘД оқытушысы Н.В.Бывшевтың жетекшілігі астында саптық даярлықтарын паш етті. Отанымыздың келешек қорғаушылары – мектеп оқушылары, сонымен қатар мектебіміздің ер қызметкерлеріне арналған жылы тілектерін мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна арнады, ол барлық жиналған қауымға еліміздегі бейбітшілік пен гүлденуді, өз елінің нағыз қорғаушылары болуын тіледі. .
Мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы М.И.Жакуповамен бірге мектептің ер қызметкерлеріне естелік сыйлықтарды тапсырды.
Мамырдың күн шуағына толы осы күні бейбітшілік пен бақытты келешекке деген сенімділік сезімін тудырды.