7-мамыр егемен еліміздің қарулы күштерінің мерейін асқақтататын Отан үшін от кешкен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті- Отан қорғау.
Сонымен қатар 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні болып есептеледі. Екі мерекеде елдің ерлігін дәріптейтін ұлы мереке. Кеңес одағының тыныштығын 1941 жылы басталған соғыс бұзды. Германияның қарулы күштері Кенеттен шекараны басып кірді. Он сегізге жаңа толғандар мен жасы жеткен жігіттеріміз қолына мылтығын алып, ұшаққа отырып, жауға қарсы тұрды.Отан үшін кеуделерін отқа төседі. Елге оралғандар мен сонда мерт болғандар қаншама. Ерлер мен қоса Әлия мен Мәншүк сияқты қыздарымыз да жауға қарсы тұра білді. Бүкіл халықтың бас бостандығы үшін болған шайқастардағы асқан ерлік пен еңбекқорлық, қашанда жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
Біздің парызымыз-өлгендер рухына тағзым етіп, олардыңң ерлігін қадір тұтып, жастарға үлгі ету. Бұл күнде бейбітшілік пен тұрақтылық ең басты болып саналатын бейбіт тәуелсіз елде тұрамыз.Әлем мойындаған тәуелсіз қазақстанымызға, келешек ұрпаққа енді мұндай күндерді ешқашан бермесін деп тілейміз!