ҚР Бас Прокуратоурасымен әзірленген кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы «Балаларды бірге қорғаймыз» Жол картасының аясында «НеМолчиKZ» ҚБ ұлттық қощғалысы мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-қауымдастығы арасында №1 ОМ КММ-нің базасында қоғамдық жиналыс өткізді.
«НеМолчиKZ» қозғалысы бар күшін тұрғындарға әйелдер мен балаларға көрсетілетін зорлықтың барлық түрлерінің зардабы туралы ақпаратты жеткізуге жұмсайды. Ұлттық комиссиялар, кризистік орталықтар, мемлекеттік органдардың Қазақстандағы балалар мен әйелдердің құқықтарын қолдауға бағытталған жұмысы туралы сөз айтылды. Шараның ұйымдастырушылары қазақстандық әйелдердің өздерін әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда көрсетулеріне барлық мүмкіндіктері бар екендігі туралы қорытынды шығарды. «НеМолчиKZ» ұлттық қозғалыс болып табылады, оның форматы халық толқынының арқасында пайда болды.
№1 ОМ КММ-нің әкімшілігі өткізілген шара және алынған ақпарат үшін алғысын білдіруде.