0 «А» сыныпта Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Мерекеге сай сән-салтанатпен безендірілген залда күнделікті күйбіңнен дем алып, көңіл көтеру үшін аналар, әжелер мен балалар жиналды. Балалар аналарына арналған концерт қоюмен қатар, конкурстық бағдарлама өткізді. «Ненаглядный мой», «Сказочник», «Мама за партой», «Узнай себя» атты конкурстарға қатысқан аналар өздерінің шығармашылықтарымен ерекшеленді. Ал балалар болса аналары мен әжелерінің назарына: тамаша әндер шырқап, өлеңдер оқып, би билеп керемет концерттік бағдарлама ұсынды, сонымен бірге: «Директор», «Проказник», «Стирка», «Помощник» сахыналанған көріністерін көрсетті. Мерекелік шара соңында балалар аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады.
Тартымды мереке сүйіспеншілік пен мейірімділікке толы жанға жайлы ортада өтіп, естен кетпес әсер қалдырды.