Текст
1 наурыз күні Атбасар қаласының №2 ОМ де «ЖасҰлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдары көшбасыларының арасында «Үздік Ұланбасы – 2017» аудандық конкурсы өтті. Конкурсқа 14 команда қатысты. 10 сынып оқушысы Садвокасова Камила №1 ОМ намысын қорғады. Конкурсқа қатысушылар өздерінің портфолиосын, «Мен және менің ұйымым» атты үгітбригада түріндегі шығармашылық визиткасын, «Мәңгілік ел – менің арманымның елі» атты жобаларын ұсынды. Қазылар алқасы дипломдар мен алғыс хаттар тапсырды. Камила ең үздік визитка номинациясында үздік аталды. Камиланы жеңісімен құттықтаймыз. «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы қозғалысын жалғастырып, барлық бастамаларда жеңіске жете беруіне тілектеспіз.