2017 жылдың 3 наурызы күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ де Атбасар ауданы мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған жаңа форматтағы ҰБТ байқау сынағы өткізілді. Байқау сынағы алдында ҰБТ ӨО жетекшісі Кадырбекова Г.Х. оқушыларды жауап парағын толтыру технлогиясымен таныстырып, тестік тапсырмалардың түрі: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы және 2 бейіндік пәннен құралатыны туралы қысқаша айтып берді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай жоғары сынып оқушыларымен осындай жаттығу байқау сынақтарын өткізу оқышулардың мектептегі қорытынды аттестациясын және жоғары білім алуға ниет білдірген түлектердің ЖООға түсу үшін тапсыратын емтихандардың бір түрі ретіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді сапалы тапсыруына ықпал етеді.