2017 жылдың 15 ақпаны күні Атбасар қ. БЖО да шахмат бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қалалық жарыстар өткізілді. Бұл жарыстың мақсаты – оқушылар арасында «шахмат» ойынын танымал ету,салауатты өмір салтын қалыптастыру болды. Аталған жарыстарға біздің мектебімізден: Назмиев Арыстан 11сынып, Тулепбергенов Данияр 9 «А» класс, Терзиди Николай 8 «А» класс, Овеян Карен 4 «В» сынып, Дершан Эдуард 7 «Б» сынып, Турашева Айшат 7 «А» к сынып, Кенжибаева Дина 7 «А» сынып, Швабауэр Виктория 5 «А» сынып оқушылары қатысты. Назмиев Арыстан мен Тулепбергенов Данияр аудандық жарыстардың жеңімпаздары атанды. Жарыс нәтижесінде біздің №1 ОМ жалпыкомандалық командалық есепте 1 орынды иеленді.
Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте жетістік биігінен көріне беріңіздер!