2017 жылдың 20 қаңтары күні Шортанды ауданының ғылыми поселкесніде директорлардың ТЖҰ бойынша орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, ата-аналар қауымдастығына арналған арналған : «Жизнь – это счастье, сотвори его сам!» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді. Аталмыш семинар Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылды. Семинар барысында суицидалдық бейімділігі бар балалардың бірыңғай деректер базасын құру әдістемелерін зерделеумен байланысты мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушылардың баяндамалары тәжірибелік-бағыттаушы сипатта болды. Семинар соңында мектептерде әлеуметтік отбасылардың балаарын әлеуметтендіру, тиімді бейімделуін қамтамасыз ететін диагностикалау, түзету, оңалту, тәрбиелеу бірлігіне негізделген әлеуметтік – психологиялық қызметтер бойынша кешендік шаралар жүргізу туралы шешім қабылданды.