2024 жылдың 5 ақпаны күні Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінде директордың жанындағы жоспарлы мәжіліс өтті. Мектеп директоры Л.Г.Бекова тұстарын атап өтті, сонымен қатар мұғалімдер тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелерге назар аударды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Т.В.Позднякова жән Балғожина Э.Ш. «Күнделік» жүйесінде электронды журналды тексеру нәтижелеріне тоқталды. ЭЖ толтыруғаұқыпты қарайтын педагогтар атап өтілді, бұл жұмыстағы кемшіліктер көрсетіліп, сындарлы ұсыныстар берілді. Позднякова Т.В., осы пәндер бойынша жиынтық және жұмыс дәптерін жүргізудің тиісті деңгейін көрсете отырып, физика және химия бойынша дәптерлерді тексеру нәтижелерімен таныстырды.
Әлеуметтік педагог Трущ А.А., мектеп асханасында тегін тамақтану мен қоғамдық тамақтанудың сапасы туралы айтты. Ата-аналар қоғамдастығының қатысуымен ай сайын өткізілетін рейдтер мектеп асханасында тамақтанудың ұйымдастырылуы мен сапасын объективті бағалауға мүмкіндік береді. Директордың жанындағы мәжіліс нәтижелі болды. Күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралып, тиімді шешімдер қабылданды.