Текст
Керемет күн, көңілді күн!
Сәлем, сәлем, біздің мектеп!
Қоңырау да соғылды
Сыңғырлаған су ағыны сияқты
Қыздар менен ұлдар
Кітаптарын жинап алып
Уақытты бос жібермей
Сыныбына асықты.
19 ақпанда бастауыш сыныптар апталығы аясында «Біздің көңілді бастауыш мектебіміз» атты онлайн сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты балалардың мектепке деген позитивті, қуанышты көңіл-күйін және оң көзқарасын қалыптастыру болды. Оқушылаымыз өз суреттері арқылы мектепке деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. Балалар мектеп ғимаратын, сүйікті пәнін, сыныптастарын және, әрине, мұғалімдерін бейнеледі.
Бастауыш сынып мұғалімі, Гемальская Ю.А.