Текст
1 наурыз Алғыс айту күніне орай "№1 ЖББМ" КММ-де 7 сыныпта" Тарих ғибраты " тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: жаңа мереке – Алғыс айту күнінің мәні мен тарихи негіздерін ашу. Оқушылардың бойында көпұлтты Қазақстанның тарихи өткеніне деген патриотизм мен мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ету . Алғыс айту күні - қазақстандықтар үшін 2016 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен өткен тарихты, ең асыл адами қасиеттер-мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек, жанқиярлық барлық күш-жігерімен көрсетілген қатал кезеңдерді еске алу үшін атап өтілетін ерекше күн.