Текст
2016 жылдан бастап елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. "Өз тарихыңды есте сақта және мақтан ет" - бұл мерекенің негізгі алғышарттарының бірі, ал мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген достық пен құрмет сезімін тәрбиелеу, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту.
Бүгін, 1 наурызда, бүкіл елде көптеген мерекелік және салтанатты іс-шаралар өтеді. Барлығына, бізбен бірге болғандарға, көмектесіп, қолдайтындарға, қуаныш пен махаббат, бақыт сыйлайтындарға алғыс айтайық!