Наурыз – өмірімізге тыныштық, келісім мен қуаныш әкелетін жарқын
мереке. Наурыз мерекесі қарсаңында, Наурыз айының 21-і күні «Фолян»
ЖШС мен «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ бірлесіп көп балалы аналарға қайырымдылық
акциясын ұйымдастырды. Әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң басшысы Шулакова
Г., «Фолян» ЖШС-нiң өкiлi құттықтау сөздерi мен жылы лебіздерiн жеткiздi.
«Қанағат» дәмханасының жайлы залында әлеуметтік қорғау қызметкерлері
мәдени бағдарлама ұйымдастырып, Наурыз мейрамына арналған
театрландырылған қойылым қойып, әсем әндер шырқап, шақырылған
аналармен қызықты ойындар мен сайыстар өткізді. «Фолян» ЖШС-нің
демеушілері дәмді тағамға толы мол дастархан жайды. Барлық әйелдерге
тәтті сыйлықтар берілді. Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға назар
аударғандары үшін барша көп балалы аналар атынан шексіз алғысымды
білдіремін. Әрбір жаңа күніңіз жаңа мүмкіндіктерге, жарқын әсерлерге және
болашаққа деген сенімге толы болсын! Сіздерге және жақындарыңызға
бақыт, денсаулық тілейміз және өркендей беріңіздер деген игі тілек
білдіреміз!
Рыбинская М.П.