Біз "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ оқушылары Демартынова Анастасия мен Малдыбаева Сабина Зеренді ауданының "Тұлпар" сауықтыру лагерінде ұмытылмас апта өткіздік.
"Тұлпар" лагері-балалардың армандары орындалатын тамаша жер. 7 күн ішінде біз еліміздің түкпір-түкпірінен жаңа достар таба алдық. Лагерьдегі әр сағат жаңа оқиғаларға толы болды. Көптеген танымдық және спорттық іс – шаралар, конкурстар, тренингтер- бос уақыт болмады! Кеңесшілер таңертеңнен кешке дейін бізбен бірге іс-шараларда өнер көрсетіп, қолдау көрсетіп, қамқор болған, аспаздар дәмді тағамдармен тамақтандырып күн сайын қуантты. Медицина қызметкерлері күнделікті денсаулықты бақылап отырды.
Ақмола облысы білім басқармасының басшысына Оразалин Ш.Ж. және Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Н. Г. , демалуға тамаша мүмкіндік , жағымды эмоциялар мен жылы естеліктер үшін алғыс айтамыз!