30 сәуір күні мектебімізде «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері туралы білімдерін кеңейту; отансүйгіштікке, өз елін, өз халқын мақтан етуге, басқа халықтардың салт-дәстүрін құрметтеуге, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көктем мен бірлік мерекесі халықтар достығы мен ынтымақтастығы рухымен сусындамақ. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біздің Республикамыз көпұлтты: қазақтар мен орыстар, украиндар мен белорустар, татарлар мен немістер, корейлер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар және көптеген басқа ұлт өкілдері 1 мамырды тойлайды.
Әр халықтың бай мәдениеті бар. Әңгімелер, аңыздар, дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әр халық ертегілерді әр түрлі айтады, бесіктегі балаларға әр түрлі ән айтады, бірақ олардың барлығын бақыт, әділеттілік, бейбітшілік, достық үшін күресу ниеті біріктіреді 4 «А» сынып оқушылары украин ұлтының дәстүрлері туралы тақпақ оқыды, ән айтты, ертегі айтты,Сынып сағатының соңында балалар бір-бірін келе жатқан мерекемен құттықтап, сонымен қатар Отанымызға гүлдену, бейбітшілік, жақсылық тілеу тілектерін жазды.
Маркер Л М –бастауыш сынып мұғалімі.