Текст
Бүгін, 2024 жылдың 29 мамырында 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау басталды. Атбасар қаласы №1 жалпы білім беретін мектебінің 67 түлегі "Орыс тілі" пәнінен емтихан тапсырады. Емтихан жұмысы берілген тақырып бойынша дәлелді эссе түрінде жүргізіледі. Білім алушылардың жұмысы екі критерий бойынша бағаланады: коммуникативтік және тілдік құзыреттілік. Оқушыларға қорытынды аттестаттаудың бірінші емтиханын өте жақсы тапсыруын тілейміз.