Текст
03.10.2024 жылы Атбасар қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Барлығы 16 оқушы қатысты: 3-сыныптан 8 оқушы және 4-сыныптан 8 оқушы. «Алтын сақа» олимпиадасы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ оқуға және білім жетістіктеріне қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Аудандық кезеңге 6 оқушы өтті.