Текст
Бүгін, 04.10.24 ж. №1 жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес өзге ұлт оқушылары арасында өткен «Тіл- тәуелсіздік тұғыры» атты қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаға 9 оқушы қатысты. Олимпиада өткізу кезінде ашықтықты сақтау мақсатында бейнебақылау қамтамасыз етілді және YouTube трансляциясы жүргізіліп отырды. Балалар уақытында тапсырмаларды орындап, жақсы көңіл-күймен олимпиададан шықты. Балалардың жолдары оң болып, жақсы нәтижеге жетсін деп тілейміз!