«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

18.01.2020
«Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы  № 1 орта мектебі» КММде «Звездный Олимп-2020» айдарында  ғылым негіздері бойынша облыстық және аудандық   олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.  «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Наймушина Н.Г. жиналғандарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, Атбасар ауданы   ата-аналар Ассоциациясының төрайымы  Садвокасова Б.М. олимпиада жеңімпаздарын құттықтады.  Бұл олимпиада біздің ауданымыз үшін аса маңызды, бұл елеулі дата: мектеп оқушыларының ғылым негіздері бойынша  60-шы  олимпиадасы   Атбасар ауданы білім бөлімінің 100 жылдық мерейтойымен сәйкес келді. Қазақ халқының дархандығы, қазақ жерінің кеңдігі мен байлығы жайлы  5 «В» сынып оқушылары өлеңдерін оқыды. Пәндік олимпиада жеңімпаздарын педагогикалық еңбек ардагерлері, ең дана, ақылды, тәжірибелі ұстаздар:  Сексенбаева Ж.Б., Саутбекова Р.Р., Андросова В.Ф., Бекенова С.С., сонымен бірге,  білім қызметкерлері кәсіподақтарының Атбасар  филиалы төрайымы  Едрисова Р.Б. марапаттады.  Жұлдызды Олимп жеңімпаздары  грамоталармен, энциклопедиялармен, көрркем кітаптармен марапатталды.   
Талантты  хореографа  Манукян В.Ю. дайындаған керемет билер, қазақстандық халықтардың  ұлысаралық қарым-қатынасы,  достығы туралы  музыкалық билер, Комбарова Викторияның орындауындағы тамаша ән шараға ерекше әр берді. Олимпиада жеңімпаздары: Массон  София, Исмагамбетова А.,  3 «Б»сын. вокалдық тобы  орындауындағы тамаша әндер де жиналғандарды баурап алды. 
Сонымен қатар,  олимпиадаға қатысуы бойынша аудандық рейтинг нәтижесі шығарылды. Мерейлі  жылы  № 1ОМ бірінші орын алғаны қуанарлық жайт,   № 3ОМ-2 орын,  №2ОМ- 3 орын иеленді. Мектеп директорлары да  грамоталармен, үлкен ғылыми  энциклопедиялармен марапатталды. 
Бұдан өзге, 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпыбілімдік пәндер бойынша  республикалық олимпиадасы облыстық кезеңінің  қорытындысы шығарылды. Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. жеңімпаздарға алғысын білдіріп, шын жүректен құттықтады. Жеңімпаздар  медальдермен, грамоталармен, энциклопедиялармен марапатталды.  Балалар да  өздерін дайындаған мұғалімдерге айтулы сынақтан лайықты өткені үшін алғыстарын білдірді. Барлық оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.01.2020 14:20
Құрылған күні: 23.01.2020 17:56

Текст