«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Юный эколог» бірінші ауысымы бойынша есеп

17.06.2019

Жыл сайын  №1 орта мектебі жанында  жазғы демалыс уақытында балалар алаңқайының жұмысы ұйымдастырылады. 3-14 маусым аралығында «Юный эколог» атты бірінші ауысым жұмыс жасады. 
Бірінші ауысымда тәрбиешілер  Ларионова Т.В. мен  Жеребкова Л.В.  жұмыс жасады, түрлі қызықты шараларды, танымдық саяхаттарды қамтитын жұмыс жоспарын әзірледі. Бұл ауысымдағы шаралардың басым көпшілігі кіші мектеп оқушыларын экологиялық тәрбиелеуге бағытталды.  Барлық жоспарланған шаралар қызықты, тартымды өткізілді.  Жоспар бойынша Ілияс Есенберлин  әдеби мұражайына, жеңіс саябағына  саяхаттар өткізілді. 
Ең алдымен балалар  тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа  барды.Саяхат жүргізуші қазақ халқының ұлы жазушысы І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы бойынша тартымды әңгімелер айтты.  Балалар бұл жерде жазушының өмірбаянымен ғана танысып қоймай, Ілияс Есенберлин  шежіресімен танысты. Олар жерлес жазушының жеке заттары мен  грамоталарын қарады. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы, оның кезінде қайндай ерекше істер атақрылғаны туралы білді. Қазіргі Президент . Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянымен танысты, тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы Увидили портрет Клара  Әмірованың суретін көрді.                 
БЖОда  өткен саяхат барысында Шульгина Ольга Ивановнаның қызықты әңгімесін тыңдай отырып, үйірме жетекшілерінің басшылығымен балалардың қолдарымен жасалған туындыларды, аудандық, облыстық және республикалық конкурстарда жүлделі  иеленген түрлі марапаттарды  қарап, тамашалады.
6 маусым күні орыстың ұлы жазушысы  Александр Сергеевич Пушкиннің туған күніне орай оның ертегілері бойынша викторина өткізілді. балалар өздерінің сүйікте ертегілері бойынша әсем  иллюстрацияларды қарап, ертегінің атын атап, ондағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді естеріне алды.  Ертегілерден сюжеттерді естеріне ала отырып, балалар көптеген ертегіні мазмұндады,  үйлерінде қайтадан оқып шықты. 13 маусым күні мектеп жанындағы зоологиялық жүгірулер өтті.  Балалардың бәрі: қыздар -қояндар, ұлдар-арыстандар болып екі командаға бөлінді. Әр тапсырманы орындау алдында балалар жануар немесе жәндік туралы қысқаша ақпаратты тыңдады, сосын жаттығулар орындады.Бақалар тәрізді секірді, маймылдар  тәрізді жүгірлі, құртта құсап  жүрелеп жүрді.  "Түйе" жаттығуын орындау кезінде стаканмен су тасыды. Нәтижесінде  "достық " жеңді, барлық балалар тәтті сыйлықтар алып, позитивті көңіл–күйде          
Көптеген балалар «Алло, мы ищем таланты!» атты шараға белсене қатысты. Олар  әр қайсысы өздерінің таланттарын  көрсетті.  Рыбинская Дарья, Горбунова Марина, Гмырь Юлия, Мусаева Макулга, Рыбинская Полина ,  Татина Адемалар   керемет музыкалық өнерін көрсетті, Мотузков Павел біздің керемет  Отанымыз туралы тамаша өлеңді мәнерлеп оқыды, Ларионова Людмила, Кашина Варвара, Миненко Полиналар табиғат, жаз туралы өлеңдерін оқыды. Завьялов Данил, Токарев Александр и Райле Игнат би билеу өнерін көрсетті, Светличный Ярослав мен  Нестеренко Дмитрийлер жануарлар бойынша қызықты  пантомималар қойып ерекшеленді. Лагерь ауысымының соңғы күні өте қызықты және көңілді өтті. Ауысымның барысында ең белсенді оқушылар қатарынан көрінген балалар : Завьялов Данил, Мотузков Павел, Ларионова Людмила, Малышев Назар, Кашина Варя, Миненко Полина, Токарев Александр, Горбунова Марина, Рыбинская Дарья, Рыбинская Полина, Райле Игнат, Татина Адема и многие другие ребята.
Балалардың уақыты көңілді өтті. Олар өздеріне көптеген жаңа дос тауып, денсаулықтарын нығайтты. 

Ларионова Т.В.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.06.2019 14:10
Құрылған күні: 17.06.2019 15:59

Текст