«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президенттік сынамалар!

17.05.2019

Атбасар ауданы білім бөлімінің «Атбасар ауданының мектептерінде Президенттік сынамалар өткізу туралы» бұйрығы негізінде, сонымен қатар,  14.05.2019 ж.  Қазақстан Республикасы  тұрғындарының физикалық даярлығы бойынша тестілеу бағдарламасы нормативтерін тапсыру бойынша    «Локомотив» стадионында   №1ОМ дене тәрбиесі мұғалімдерімен  Президенттік сынамалар өткізілді.  Нормативтер тапсыру алдында дене тәрбиесі мұғалімдері оқушылармен қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық өткізді  және рапорт тапсырды.  Президенттк сынақтарға  4-ші,7-ші,9-шы,11 ші сыныптардың оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қатысты.  №1ОМ оқушылары   президенттік сынамаларды толыққанды тапсырып шықты.
 Жарыстардың нәтижелері шығарылды, ПУ -- Гончарова Л., Даутов А., Марченко К., Тугова Т., Абаев И., Райле С., Аманжол О., Самойленко Д., Утков А., Дершан Э., Адильбеков А., Дикая А., Сеитов М., Широкова М., Балтыбаев И., Евлоев З., Гладин Н. 
УНГ- Комбатуров Т., Малолетка В., Домшаров Н., Мироненко Д., Сеитова Д., Бимендин А., Качура К., Шпейд А., Сеитов Д., Самченко А., Фисун Р., Брыкин Н., Палажена М., Терещук Е.  бұл оқушылар  грамоталармен марапатталды. 
Президенттік  тестерге келесі сынақтар енеді:  
1) жүгіру (30, 60, 100, 1000, 1500, 2000, 3000 метрге). Сынақтар стадионның  жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі ;
2) орында тұрып ұзындыққа секіру. Сынақтар  кез келген тегіс жерде  және жабық үй-жайларда өткізіледіөткізіледі;
3) биік перекладинада  тартылу. Сынақ жоғарыдан ұстап тұрып, аяқтары еденген (жерге)  тимей тұрған қалыптан басталады . жаттығулар перекладина жақтауына  иегін  жеткізіп, қайта қалпына келген жағдайда есептеледі. Орындау кезінде қолдарды ауыстыруға болмайды;
4) денені көтеру. Шалқалап жатып, тізелері  90 градусқа бүгілген қолдары иық деңгейінде, аяқтың басын әріптесі ұстап тұрған қалыпта орындалады;
5) атыс. Сынақ  пневматикалық  винтовкамен ( әр түрле жасқа қаойылатын талаптарға сәйкес)  орындалады. Атыс: 3 байқау, 5 сынақ. Атысқа берілетін уақыт – 20 минут;
6) шаңғымен жүгіру. Сынықтар нашар және орта рельефті  жерлерде салынған    дистанцияларда ауа температурасы - 200С. Кем болмаған жағдайда өткізіледі. Қар жоқ жерлерде  шаңғымен жүгіру  6 минут бойы  жүру-жүгірумен ауыстырылады;
7) допты лақтыру. Сынақ  ені  10 метр болатын дәлізде өткізіледі;
8) жүзу  (25, 50 метр). Сынақтар қауіпсіздік шараларын сақтаумен  типтік  бассейндерде өткізіледі. 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.05.2019 19:11
Құрылған күні: 20.05.2019 12:49

Текст