Жаңа заман жаңа міндеттерді алға тартып, баланың зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін дамытуда бізден сөзден нақты істерге көшуді талап етіп отыр. Осы жолдағы инновациялық әдістердің бірі жобалық қызметтер болып табылады. Кіші мектеп жасындағы оқушылар табиғатынан түрлі зерттеушілік қызметтерге әуес, айналасындағы өзгеріс—құбылыстарға қызыға қарайтын, қызығушылықтары мол, елгезек болып келеді. Зерттеу нәтижесі көбінесе ұйымдастыруға байланысты. Алға тартылған проблема мен тақырып бала үшін өзекті және ол үшін қызықты болуы шартты, зерттеушілік жұмысты ол өз еркімен орындап, қажетті жабдықтармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жоба — оқытудың дидактикалық құралы және жобалау білігін дамытады. Жоба оқушыларды ақпаратты іздестіруге, өзіндік шығармашылық ойларын тәжірибеде іске асыру, қолдану, өзіндік білім алуға, өзіндік іске асырылу және өз қызметіне сараптама жасау тәжірибелеріне баулиды. Жобамен жұмыс жасай отырып олар жаңа білімді игереді, танымдық қызметке қызығушылығы артады, алған білімін жүйелейді және нығайтады, өзінің шығармашылық әлеуетін дамытады. Шығармашылыққа, қиялдауға бейім «роамнтик» және арманшыл оқушылардың сынып ішінде мәртебесі біршама өседі. Жобалау қызметі әр оқушының белсенді тұрғысына байланысты, шеке шығармашылық ойларын іске асыруға мүмкіндік береді, ақпараттық инструментарий қалыптастырады, командамен жұмыс жасауға үйретеді. Бұл сынып ұжымын біріктіреді, оқушылардың коммуникативтік байланысын дамытуға ықпал етеді, ортақ қызығушылық пен шығармашылық ортасын құрады. Әрқайсысы ортақ іске өзіндік үлес қосады, олардың әрқайсысы ұйымдастырушы, орындаушы, сарапшы бола алады, демек, барынша дербес, әрі жауапты болады деген сөз. Әр жоба баланың өзі атқарған жұмысынан ләззат алып, мақтан тұтарлықтай өзінің табысты шегіне жетуі тиіс. Ол үшін жобамен жұмыс үдерісінде мұғалім балаларды өздерінің ниеттері мен мүмкіндіктерін дұрыс ескеріп, есептей білуге баулиды. Жобалық оқыту әдісіндегі оң элементтерді атап өтетін болсам, бұл менің ойымша, соңғы нәтижеге бағытталған нақты тәжірибелік өнім. Жұмыс кезінде оқушылар мен мұғалім, ата-аналар арасында жаңа қарым-қатынастар құрылады, олардың білімдік дүниетанымы кеңейе түседі, тұрақты танысмдық қызығушылығы артады. Жобамен жұмыс жасау оқушыларға өздарін күтпеген тұсынан көрсету мүмкіндігін береді. Олардың ұйымдастырушылық қасиеттерін, жасырын таланттарын, сонымен қатар, өздігінен білім алу біліктерін дамытып, аша түседі, бұл болса заманауи мектепте оқыту үлдерісін ұйымдастыру үшін аса қажетті.
Маркер Любовь Михайловна, бастауыш сынып мұғалімі.