27 қаңтарда орыс тілі мен әдебиеті пән апталығы аясында 9 "А" сыныбында орыс тілінен «Книги в нашей жизни. Бессоюзные сложные предложения со значением противопоставления» тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар мәтінмен, бейнематериалмен жұмыс жасады, оқыған және көрген нәрселерінің негізгі ойларын анықтады. Оқушылар баспа және электронды кітаптардың маңыздылығы туралы, өз пікірлерін білдірді, кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы талқылады. Сонымен қатар, білім алушылар өздерінің сүйікті кітабы туралы, одан не қызықты, үйреншікті нәрсе туралы ақпаратпен бөлісті. Олар сондай-ақ жалғаулықтарсыз сөйлемдер туралы ережені қайталады. Сабақтың әр кезеңінде жұмыстарды бағалау жүргізілді: өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, "3 М және 1Д"ҚҚ. Тақырыпты зерттеу тест сұрақтарымен бекітілді. Сабақтың соңғы кезеңінде оқушылар "Плюс, минус, қызықты"рефлексиясын өткізді.
Утеуова А.Б., орыс тілі және әдебиеті мұғалімі.