Текст
2021 жылғы 27 қаңтарда 4" В " сыныпта қоғамдық орындарда және ашық ауада бір рет қолданылатын және көп рет қолданылатын маскалар кию туралы түсіндірме әңгіме өткізілді. Маскаларды кию ережелерін және оларды жою әдісін қайталады. Балалар COVID-19 белгілерімен қайта танысты. Коронавирустан сақтануға қатысты: қолды сабынмен жуу, көкөністер мен жемістерді тек жуып жеу; адам көп жиналатын орындарға бармау , мүмкіндігінше үйде қалу, көздерін, бетін, мұрынды қолмен ұстамау, дезинфекциялау құралдарн пайдалану, үй-жайды жиі желдету, ылғалды жинау жүргізу негізгі ережелерді қайталады.