28 қаңтарда №1 орта мектептің 9 «В»сынып оқушыларымен бетперде тағудың маңыздылығы туралы әңгіме өткізілді.Естеріңізге сала кетейік: бетперде бірінші кезекте басқаларға жұқпау үшін қажет. Сіз жөтелмесеңіз де, түшкірмесеңіз де маска тағыңыз. Негізінен коронавирус ауа-тамшылы жолымен таралады: тыныс алу жолынан ауру адамның тамшылары ауаға, содан кейін сау адамның шырышты қабаттарына түседі. Тамшылар ауада болуы үшін жұқтырған адамға түшкіру немесе жөтелудің қажеті жоқ — дем алу, сөйлеу немесе ән айту жеткілікті. Сондықтан кем дегенде бір метр қашықтықты сақтау маңызды. Жұктырған адам симптомдар пайда болғанға дейін және аурудың асимптоматикалық ағымы жағдайында да басқаларға қауіпті болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Желіде бетперделер, керісінше, зиян тигізуі мүмкін деген хабарлар таратылуда. Бұл жалған ақпарат.Бетперде қалыпты газ алмасуға кедергі келтірмейді, адам оттегінің жетіспеушілігінен немесе көмірқышқыл газының артық болуынан зардап шекпейді және ауырып қалу қаупі жоғары емес.
9 «В»сынып жетекшіс Исина Гүлназ Рысбайқызы