Текст
Біздің мектепте "Өзін-өзі тану" пәні бойынша онкүндік өтуде . Бұл апталықты бастауыш және жоғары сыныптардың барлық оқушылары жылда асыға күтеді. Сондықтан да онкүндік аясындағы барлық байқаулар мен көрмелерге белсенді қатысады. Онкүндіктің кезекті күні "Күлкі күні" деп аталады. Оқушылар челлендж жасау үшін өздерінің ең жарқын суреттерін ұсынды. Онкүндік қызықты, танымды өтеді және әр оқушы бүкіл іс-шараларға белсенді қатысады деп үміттенеміз.
Бастауыш сынып мұғалімі: Т. Ларионова.