2021 жылғы 21 сәуірде ZOOM платформасында адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұйымдастыруымен вебинар өтті. Вебинарда НИГРЧ бас ғылыми қызметкері А.К. Рысбаева педагогтарды жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша қосымша білім беру жүйесіндегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды. Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты білім беру ұйымдарының кадрлық педагогикалық әлеуетінің өсуі және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау, педагогикалық құзыреттіліктің басымдылығы, қосымша білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін ұжымның шығармашылық ізденістері, өзін-өзі танудың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерінің оң тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату болып табылады. Вебинарда жалпыадамзаттық құндылықтарды қосымша білім беру мазмұнына интеграциялау бойынша әдістемелік қызметтің негізгі түрлері қарастырылды. Сонымен қатар вебинарда "Алтай қаласының №8 орта мектебі" КММ Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, ШМО жетекшісі Томилова Е. Б. және биология пәнінің мұғалімі, қосымша білім беру мұғалімі Нестеренко П. И. өз тәжірибелерімен бөлісті.
\