22.06.2026
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру – заманауи мектептің стратегиялық басымдығы
Заманауи білім беру жүйесі қарқынды әлеуметтік және технологиялық өзгерістер жағдайында жұмыс істеуде. Қоғам мектепке жаңа талаптар қойып отыр: түлек ақпаратты өз бетінше талдай білуі, негізделген шешімдер қабылдауы және стандартты емес жағдайларда тиімді әрекет ете алуы қажет. Бұл жағдайда оқытудың интегралды нәтижесі ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекше маңызға ие болады.
Функционалдық сауаттылық тұлғаның әлеуметтік бейімделуге және кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындық деңгейін көрсетеді.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың басқарушылық аспектісі
Мектеп директорының рөлі — білім алушылардың функционалдық құзыреттіліктерін жүйелі дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жасау.
1. Стратегиялық жоспарлау
Білім беру ұйымының Даму бағдарламасында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру серпінін көрсететін өлшемді көрсеткіштер тұжырымдалады. Басқарушылық шешімдер диагностикалық мәліметтерді талдауға негізделеді және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады.
2. Педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу
Процестің тиімділігі көбінесе педагогтардың оқытудың практикаға бағытталған технологияларын енгізуге кәсіби дайындығына байланысты. Осыған байланысты келесі шаралар ұйымдастырылады:
әдістемелік семинарлар;
сабақтарға өзара қатысу;
қолданбалы тапсырмалар банкін әзірлеу;
оқу сабақтарын құзыреттіліктерді дамыту тұрғысынан талдау.
Білімді репродуктивті (қайталап) меңгеруден проблемалық және зерттеушілік оқытуға көшуге ерекше назар аударылады.
3. Мектепішілік мониторинг жүйесі
Мониторинг бастапқы, аралық және қорытынды диагностиканы қамтиды. Тек сандық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар материалды түсіну тереңдігі, білім алушылардың алған білімдерін жаңа жағдайларға көшіре білу қабілеті де талданады.
Алынған мәліметтер жұмыс бағдарламалары мен әдістемелік тәсілдерді түзетуге негіз болады.
Іске асырудың практикалық механизмдері
Біздің мектептің білім беру практикасында келесі құралдар қолданылады:
кейс-технологиялар және өмірлік жағдайларды модельдеу;
жобалық және зерттеу қызметі;
пәнаралық интеграция;
мағыналы оқуды дамыту;
статистикалық мәліметтерді, кестелер мен графиктерді талдау;
цифрлық білім беру ресурстарын қолдану.
Бұл құралдарды кешенді пайдалану оқушылардың талдамалық ойлауын және дербестігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру біздің мектеп педагогтарының кәсіби қызметінің тұжырымдамалық негізі болып табылады. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Б. Утеуованың жұмысы оқушылардың алған білімдерін шынайы өмірлік жағдайларда қолдану, ақпаратты талдау, өз позициясын дәлелдеу және тиімді коммуникация орнату қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Өз жұмысында педагог келесілерді қолданады:
1. Текспен жұмыс (оқу сауаттылығы)
1.1. Мағыналы оқу стратегиялары:
тақырып бойынша болжау жасау;
мәтінге сұрақтар қою;
кластер құрастыру;
тірек сөздерді бөліп көрсету;
«Инсерт» әдісі (білемін – жаңалық – қайшы келеді – білгім келеді).
1.2. Мәтіннің әртүрлі түрлерін талдау.
Тапсырмалар: негізгі ойды анықтау, автордың уәждерін (аргументтерін) табу, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, астарлы мағынаны (подтекст) түсіндіру.
2. Тандамалы (критикалық) ойлауды дамыту
«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі;
«Дұрыс – бұрыс» әдісі;
шығарманың проблемалық сұрақтары бойынша дебаттар;
кейіпкерлерді салыстырмалы түрде талдау;
дәлелдер келтіре отырып эссе жазу.
Оқушының талдау, бағалау және өз көзқарасын негіздеу біліктілігі қалыптасады.
3. Практикаға бағытталған тапсырмалар
өтініш, түйіндеме (резюме), хабарландыру жазу;
мәтіндерді редакциялау;
пікірлер мен рецензиялар құрастыру;
өмірлік жағдайларды модельдеу (іскери хат-хабар алмасу, сұхбат).
Мұндай тапсырмалар тілдік нормаларды күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі.
4. Жобалық және зерттеу қызметі
әдеби жобалар;
тілдік құбылыстар бойынша шағын зерттеулер;
презентациялар мен видеороликтер жасау;
шығармашылық жұмыстарды дайындау.
Жобалық жұмыс дербестікті, жауапкершілікті және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Ауызша сөйлеу, уәж келтіру (аргументация) және ынтымақтастық дағдылары дамиды.
5. Цифрлық технологияларды пайдалану
интерактивті тесттер;
білім беру платформалары;
мультимедиялық жобалар жасау.
Цифрлық құралдар мотивацияны арттырады және ақпараттық сауаттылықты қалыптастырады.
6. Рефлексия және өзін-өзі бағалау
«Бағдаршам» әдісі;
рефлексивті парақтар;
критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау.
Оқу қызметінің саналылығы мен өз ілгерілеуін бағалау біліктілігі қалыптасады. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында бұл әдістерді жүйелі түрде қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, сыни ойлауын, коммуникативтік дағдыларын және білімді шынайы өмірде қолдану қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Қорытындылай келе, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізу білім беру сапасын арттырудың маңызды ресурсы болып табылады, бұл білім алушылардың тұлғалық дамуының, әлеуметтік бейімделуінің және үздіксіз білім алуының стратегиялық факторы ретінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Бекова Л.Г., «Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры
