Текст
29 желтоқсанда "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының 1г.жалпы білім беретін мектебі" КММ ZOOM платформасында 11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелері туралы мәселе қаралды. Мектеп директоры Л.Г. Бекова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. И. Ракитина ҰБТ-ны тапсыру ережелерімен таныстырды, 2022 жылы ҰБТ тапсыру төрт рет өткізіледі: қаңтар,наурыз,маусым, тамыз. 11-сыныптың білім алушылары тіркеледі, тестілеуді тапсыру күнін таңдайды. Оқушылар келесі пәндерді тапсырады: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы,Қазақстан тарихы, екі бейіндік пән.