Текст
29 желтоқсан күні "Ақмола облысы білім басқармасы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1жалпы білім беретін мектебі" КММ 11 сынып оқушыларымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 11-сыныптың білім алушылары тіркеледі, тестілеуді тапсыру күнін таңдайды. ҰБТ жыл ішінде төрт рет өткізіледі. Үш қатысу-ақылы негізде оқу, бір тест тапсыру-білім гранты. Оқушылар келесі пәндерді тапсырады: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы,Қазақстан тарихы, таңдау бойынша екі бейіндік пән. Тіркеуден өту кезінде өз деректеріңізді дұрыс енгізу,тестілеуді тапсыру күнін таңдау, төлем жүргізу қажет. ҰБТ-бұл оқуға түсу үшін іріктеу емтихандарының бір түрі.