Қаңтар каникулы кезінде «Ақмола облысы білім басқармасының
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1жалпы білім беретін мектебі» КММде №1 педагогикалық кеңес өткізілді,оның барысында педагогикалық ұжымның 2021-2022 оқу жылының 1ші жарты жылдығында атқарған жұмыстары талқыланды.
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ракитина С.И. екінші тоқсан қорытындысы жайлы айтты, мектеп оқушыларының оқу үлгерімі динамикасымен таныстырды. Мұғалімдер сыныптардағы және мектептегі оқу үлгерімі жайлы баяндады, үлгерімнің төмендеу себептерін анықтады,анықтадыбілім оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жұмыс жасау туралы шешім қабылдады. Отырыста күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралды.
Альбрехт Т. Р баланың рухани-адамгершілік дамуына тоқталып, құндылықтардың барлық негізгі ең алғашқы кезекте отбасында қалыптасатынын айтты. Десек те, тек қана білім беру жүйесі оның жүйелігі мен бірізділігін қамтамасыз етіп,тұлғаны рузвни-адамгершілік жағынан дамыта алатынын баса айтты.Мектептің әлеуметтік педагогы Каспарова Е. А. Р
"Интеграция программы НДО "Самопознание" пилоттық жобасының біздің мектепте іске асырылу жайына тоқталды.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Алдабергенова Н.Ф. педагогтарды ұлттық біліктілік тестілеу өткізудің жаңа ережелерімен, сонымен қатар,бәсекеге қабілетті тұлғаның құралы ретіндегі жобалық жұмыстардың технологияларымен таныстырды.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Наймушин Д. Г. Кәмелетке толмағандармен сабақтан тыс жұмысбастылықты, профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, алдын алушылық ұйымдар дүйесімен қызметтестік туралы баяндады. Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігі аталып, көрсеткіштері нәтижесі алға тартылды. Бастауыш сынып мұғалімі
Маркер Л.М. "Исследование в действии"аясындағы жұмыстарға тоқталды. Мектеп директоры Бекова Л. Г. оқушыларды ҰБТ-ге дайындау мәселесіне тоқталды. Педкеңес шығармашылық және іскери жағдайда өтті.