19 наурыз күні аудандық кітапханада спорт ардагерлері мен зағип адамдар арасында «Наурыз» мерекесіне арналған шахмат турнирі өткізілді. Шахмат бойынша турнир «Нұр Отан» партриясының қолдауымен өткізілді.
Ойын ұйымдасқан түрде басталды: қарсыластар позицияларын 8 жұп мұқият бағалады. Спортшылар лайықты ойын көрсетті. Олар ақылы, шыдамдылығы, табандылығы арқасында кімнің мықты екенін дәлелдеді. Ойынды тек үлкендер ғана емес, мектеп оқушылары қатарынан болған жанкүйерлер де бақылады, олар қатар арасында жүріп, ойын барысын қарады. Спорттық текетірес керемет, жайлы атмосферада өтті. Екі сағат тез өте шықты. Ойынның қорытындысы шығарылды. Жүлделі орындар келесі ретпен бөлінді: Морозов Юрий Вячеславович зағип адамдар арасында абсолют чемпион атанды, Дворников Е. - 2 орын иеленіп, Ковтунцов Н. жеңімпаздар үштігін тұйықтады. Жеңімпаздар грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Құттықтаймыз, келешекте зор жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!