Текст
2019 жылдың 3 сәуірі күні Білім және ғылым министрлігінің жанындағы денетәрбиесі ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы және Қазақстандық гандбол федерациясының бастамасымен Атбасар ауданында Ақмола облысының жалпыбілім беретін мектептерінің оқу-тәжірибелік денетәрбиесі мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Аталған шараға №1 ОМ денетәрбиесі мұғалімдері Тугова Л.А., Шпиц- Берг М.Ф. белсенді қатысып, курс аяқталған соң сертификат алды.