«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Жарық” физикалық марафон

10.04.2019

Физика апталығы шеңберінде, біздің мектебіміздің 9 сынып  оқушыларының  арасында  “Жарық” физикалық марафоны өткізілді. Жарыстарға  9 «А» сынып   (Абаев И., Райле С., Толегенов Н., Сеитов Д., Коровин Н. Гармашов Н. Утков)  және 9 «Б»  сынып  (Бекмагамбетова Я., Нестеренко К., Дайзель Э., Дершан Э., Самченко А., Шаймова С., Терзиди В.)  оқушылары қатысты. Бағдарлама тақырыбының  “Жарық ”  деп таңдалуы тегін емес. Жарық дегеніміз – қоршаған ортаны көрсететін, көріктендіретін жарқын сәулелі  энергия,  демек, ойын барысында да   бірқатар сұрақтарды біршама деңгейде жарияланып, мәліметтер беріледі  және оны барынша көрнекті етеді.  Ойын барлығы  4 көрініс 7 конкурстан құралды. Әр көріністе оқушылар жарықтың пайда болу тарихы  туралы  айтып, техника, астрономия,  жер  және  су физикасы, физика тарихы бойынша  өздерінің білімдерін  көрсетті,  6 құрлық бетін шарлап,  саяхат жасады, атмосфералық құбылыстар туралы білімдерін көрсетті. Спорттық сергіту сәті ретінде  “спорттық жүру” конкурсына қатысты, онда  терминдерді білуден басқа,  қозғалыс жылдамдығын көрсету қажет болды.  Шара соңында оқушыларға  жасырынған сөздерді табу керек және табылған сөздердің  бірінші әріптеріне қарап: “Хороша наука физика – только жизнь коротка” по первым буквам сөзінің авиторы кім кекенін айту керек болды.  Оқушылар шарадан біршама білім, дерек алды деп ойлаймын. Конкурсқа қатысушылардың бәріне  белсенділік танытқаны  және физика саласында тамаша білім көресткендері үшін шексіз алғыс білдірігім келеді.

Физика мұғалімі  Г.Х. Кадырбекова

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст