11 сәуір күні, физика аплығы аясында 8 сыныптардың арасында “Физическая рулетка” жарыстары өткізілді. Жарыстарға 5 команда қатысты. Ойын 4 турдан құралды. “Всякая всячина” деп аталған, түрлі ғылым салалары бойынша оқушыларға с әр түрлі сұрақтар қойылған бірінші турдан кейін мейлінше аз ұпай жинаған команданың біріне ойыннан кетуге тура келді. «Да или Нет» деген екінші турда оқушыларға астрономиядан сұрақтар ұсынылды. Оқушылар берілген тұжырымдамамен келіскен не, келіспеген жағдайға қарай, қолдарындағы карточкаларын көтеріп, «иә» немесе «жоқ» деп жауап берді. Бірдей фишка жинаған екі команданың біреуі, бөшкенің ішінен тақ санды алып шыққан команда ойыннан шықты. Үшінші турда ұсынылған үш түрлі нұсқадан біреуін таңдау керек болды, ал ақтық турда “Юные физики” және “Исследовательницы” атты 8 «Б» сыныптың команадалары сұрақтарға дұрыс жауап берді. «Исследовательницы” командасы ойын жеңімпазы атанды. Балаларға келешекте физиканың, басқа да ғылымдардың сырын терең ашып, білімдерімен бағындыра беріңіздер дегіміз келеді.