12 сәуір күні 11 сынып оқушыларымен аудандық аурухана базасында кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді. Медициналық жасақтар, кәсіби орта, ерекше атмосфера, қызметкерлер назарының жұмысқа шоғырлануы алғашқы минуттан бастап оқушылардың саяхатқа деген көзқарасын салиқаландырды. Дәрігер Демидова Г.В. оқушыларға жаңа диагностикалау кабинетін, жүрек қағысын өлшейтін заманға сай аппаратураны, УДЗ /УЗИ/ жабдықтарын көрсетті. Хирургия бөлімшесі ерекше қызықтырды. Арнайы медициналық киім киген оқушылар операция бөлмесін, лазерлік жабдықтарды, жаңа аспаптарды қызықтады. Ең бастысы олар дәрігерлер мен мейірбикелердін мамандықтары турады жылы лебіздерін естіді. Саяхат балалардың жүрегінен ерекше орын алды. Кейбір түлектер медициналық қызметкер болу туралы ниеттерін білдірсе, енді берулері медицина – қарапайым, мейірімді өз ісінің нағыз шеберлері болып табылатын адамдардың қайырымды қызметі екеніне көздерін жеткізді.
Токтарова Г.К.