15 сәуір 2019 ж. математика апталығы салтанатты түрде ашылды . Жүргізушілер математика пәнінің маңыздылығы, мектептегі және келешек мамандық иелері: агроном мен инженерге, жұмыскер мен сауыншыға, ғарышкер мен дипломатқа , тіпті үй шаруасындағы әйелге де қаншалықты керек екенін айтып берді. Мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна оқушыларға апталықты өткізуде сәттілік тіледі. 7 сынып оқушылары математиканың: физика, биология, химия, география, әдебиет, тарих, шетел тілдері, сурет, денетәрбиесі, музыка тәрізді түрлі ғылым саласындағы маңыздылығы жайлы айтты. ӘБ жетекшісі Якубович Е.А. оқушыларды математика апталығын өткізу жоспарымен таныстырды.
Математика – адамның қоршаған ортаны танып, білетін және оны бағындыратын қаруы. Математиканы сүйіңіздер!