Текст
Мектепте математика апталығы жалғасын табуда. Бүгін Кадырбекова Г.Х. 6 «А» сыныпта «Графический способ задания зависимости между величинами» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта жұмыс атмосферасы орнады. Балалар графиктермен қызыға жұмыс жасап, көлемдер арасындағы тәуелділікті зерттеді. Оқушылардың бойында патриотизм сезімді, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал еткен өмірмен байланысты құрылған тапсырмалар, қосымша тапсырмалар қызықты болды. Сабақтың 40 минуты тез арада байқаусыз өте шықты.